Түркістанда мұғалімдер мен полицейлер жедел жәрдем курсынан өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда мұғалімдер мен полицейлер жедел жәрдем курсынан өтуде

04.02.2022

Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын мұғалімдер мен полицейлер де қолдана алуы тиіс. Әдетте мұндай құралдар сауда үйлері мен мектептерде тұрады. Кез келген адамның «жүрек-өкпе реанимациясы» бойынша білімі болса, көптеген тұрғын оқыс жағдайда аман қалар еді.

Осы ретте түркістандық дәрігер мамандар мұғалімдер мен полицейлерді де жедел жәрдем курсынан өткізуге кірісті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетованың хабарлауынша, медицина өкілдері АҚШ-тың Харвест қаласында біліктілігін арттырып келген. Адам өмірін сақтап қалу бойынша білімдерін шыңдаған мамандар бар білгенін ұстаздар мен полицейлерге де үйретпек.


Хабарламаларға жазылу