Сенатор Әбдәлі Нұралиев шаруаларға арналған несиенің үстемесін 2-3 пайызға төмендетуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор Әбдәлі Нұралиев шаруаларға арналған несиенің үстемесін 2-3 пайызға төмендетуді ұсынды

03.02.2022

Елде 1600-ден аса қосалқы шаруашылықта 3,5 млн-ға жуық табыс деңгейі төмен азамат жұмыс істейді. Олар жылына 2,5 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндіреді.

Алайда ол өнімдердің пайдасын ортадағы делдалдар көріп отыр. Сенатор Әбдәлі Нұралиев несиенің үстемесін 2-3 пайызға төмендетуді ұсынды. Ол шағын қожалықтарды мемлекеттік қолдау мүлде жоқ екенін айтады. Сонымен бірге елде мал азығы нормадан екі есе аз өндірілетінін жеткізді. Ол 3 жыл бұрын Жамбыл облысында іске асқан пилоттық жобаны әр өңірге бейімдеп, қайта қолға алу керек дейді. Ол кезде өңірде жұмыссыздар саны 48 пайызға, АӘК алушылар саны 32 пайызға азайған.


Хабарламаларға жазылу