Халықаралық «Еуропа - Азия» бейбітшілік пен келісім маршы биыл 16-рет өтеді. Марш 3-маусымда елордадан басталып, 32 күнге жалғасып, Батумимен аяқталады. 17 қаланы, 4 мемлекетті қамтиды.
Әр елде түрлі концерттік программалар қойып, еліміздің туын көтеріп, отандық өнімдерді жарнамалайды. Бүгін шараның ұйымдастыру алқасы мен қатысушылары арнайы кездесу өткізіп, саяхат жоспарын егжей-тегжейлі талқылады. Маршқа қатысуға кез келген қазақстандық өтініш бере алады. Бірақ ұйымдастырушылар дайындаған арнайы курстан өтуі тиіс.
Руслан Абдуллин, Бейбітшілік және келісім маршының атқарушы директоры:
Біз әр қаланың, әр мемлекеттің билік өкілдерімен кездесу өткізіп, рұқсат алдық. Мақсатымыз - халықтар достастығын арттыру, отандық өнімдерімізді шет елдерде дәріптеу, патриоттықты дамыту. Бұған дейін 500-ге жуық марш қатысушыларын дайындадық. Әлі де арнайы сабақтар өткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі ел азаматтары шетелге шыққанда камерадан жасқанбай, лидерлік позиция көрсете білуі керек. Дұрыс ақпарат таратуы маңызды.