Пәкістанның оңтүстік-батысында екі әскери базаға шабуыл жасалып, көліктер жарылып, 4 жауынгер қаза тапты. Жараланған көтерілісшілер саны 15-ке жетіп отыр. Мұны осыдан бірер сағат бұрын елдің ішкі істер министрі Шейх Рашид Ахмад мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір Балоджистан провинциясында тазалау операциясы жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, қастандықты «Балоджды азат ету армиясы» атты этникалық-сепаратистік топ өз мойнына алды. Бұл ұйым ондаған жылдар бойы тәуелсіз мемлекет құру жолында күрес жүргізіп келеді.
Арыстан Рысбек