Түркістан облысына 340 мың доза вакцина жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысына 340 мың доза вакцина жеткізілді

03.02.2022

Түркістан облысына бүгін 340 мың доза екпе жеткізілді. Оның ішінде 90 мың доза «QazVac» пен 250 мың доза «Синофарм» вакциналары бар. Екпе облыс аумағындағы 150 бекетте салынады. Өңірде 1 млн 46 мың адам вакцинаның бірінші құрамын ектірсе, екінші компоненті 1 млн 41 мың тұрғынға салынған. Ал 183 мың тұрғынға ревакцинация жасалып, 157 мыңнан аса адам «Pfizer» алған. Дегенмен мамандар тұрғындарға босаңсымай, карантиндік талаптарды сақтау керектігін ескертеді. Себебі ковид жұқтырушылар қатары азаяр емес. Мәселен, соңғы тәулікте 34 адам індетке шалдыққан.

Алтын Досанова, облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:

Қазір ауруханада 203 адам жатыр. Оның ішінде 58-і кви,ал 145-сі пневмония. Оның 7-уі бала, 23-і жүкті әйел. Жансақтау бөлімінде 17 адам, төсек орын жүктемесі 18,7 пайыз.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу