Ақтөбеде экологиялық ахуалды жақсартуға арналған жоба тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде экологиялық ахуалды жақсартуға арналған жоба тоқтап тұр

02.02.2022

Ақтөбеде кәріз суы шөгінділерін пайдаға асыратын бірегей жобасы екі жылдан бері тоқтап тұр. Жоба жүзеге асса, тұрғындар қаланың басты проблемасына айналған қолаңса иістен арылады. Алайда, мердігер нысан салынатын жер қолайсыз деп құрылсқа кіріспеген. Тапсырыс беруші монополист компания болса, сотқа жүгінді. Тараптарды Жақсыбек Кемал тыңдап келді.
Жақсыбек Кемал, тілші: 
Қалдық суларды тазарту қондырғысы осы маңға салынуы тиіс еді. Алайда, кейін бұл жерге ондай құрылыс салуға болмайтындығы анықталған. Оның үстіне арнайы құрылғылардың бағасы 25-40 пайызға дейін қымбаттап кеткен. Сондықтан бұл жоба әлі басталған жоқ.
Бұл - нысан салынатын жерді көрсетіп жүрген мердігер компанияның өкілі. Ол жобаға өзгеріс енгізбесе, ғимарат суға кетіп,қыруар қаржы желге ұшатын еді дейді. Құрылыс материалдарының қымбаттап кеткені тағы бар. Соңында мемлекеттік сараптама жобаны қабылдамай қойған.
Нұрболат Әміров, мердігер компания директорының орынбасары:
Жобалық-сметалық құжат 2018 жылы жасалған. Одан бері баға 40 пайызға дейін өсті. Біз жобаға түзету енгізуді сұрадық. Тапсырыс беруші келісті. Дегенмен, кейін бізге ескі жобамен салу керек деді. Ал, мемлекеттік сараптамаға жобаның тек экономикалық жағы ғана жіберілген. Электр желісі мен басқа жұмыстар көрсетілмеді.
Тапсырыс беруші мекеменің өз уәжі бар. Мердігер компаниямен 2020-сыншы жылы шарт жасалған. Жоба құны 707 миллионға жуық. Осы уақытқа дейін тек электрмен жабыдықтау және жерді бағдарлау жұмыстары ғана атқарылған.
Талғат Сүйінішалин, «Aqtobesu-energy group» АҚ заңгері:
Мердігер компания осы мерзімде ешқандай жұмыс атқарған жоқ. Бірнеше рет біздің тарапымыздан, технадзор тарапынан берілген нұсқауларды орындамай, сотқа жүгінуге мәжбүр болдық. Соттың шешімі заңды деп білеміз.
Сотта тапсырыш берушінің талап-тілектері толық қанағаттандырылды. Айыпталушы тарап 14 миллон теңгеден аса айыппұл төлеген. Дегенмен, мердігер компания аппелияциялық сотқа арыз түсірді. Егер, сот үкімі өзгеріссіз қалатын болса, жобаны жүзеге асыру үшін қайтадан конкурс жарияланбақ.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу