Халықтың басым бөлігі кедей. Бұл бойынша Қазақстан Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдермен қатар тұр. Осылай деген Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров еліміздегі ең төменгі күнкөріс шегін арттыруды ұсынды. Сондай-ақ, жалақысы аз адамдарды табыс салығынан босатып, жыл сайын инфляцияға сәйкес айлықты өсіріп отыруды ұсынды. Депутаттың сөзінше Қазақстанда 1,5 млн адам күнін зорға көріп жүр. Ел тұрғындарының 40 пайызы өз табысының 59 пайызын тек азық-түлікке жұмсайды. Ал елдегі кедейлік пен ең төменгі күкөріс шегі 36 және 25 мың теңге көлемінде. Депутаты бұны үкіметтің халыққа ақшаны аз төлеу үшін істеп қойған «қулығы» деп сынға алды.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Яғни әлеуметтік көмек алғың келсе, «сіңір кедей» болуың керек! Осы тавталогияның нәтижесінде, 2020 жылы бағаның тұрақты өсуіне байланысты әлеуметтік көмекке сұраныс өсіп, зәру адамдардың саны артса да, атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған адамдардың саны азайған.