Норвегия соты әйгілі терроршы Андерс Брейвикті мерзімінен бұрын түрмеден босатудан бас тартты.
Брейвик - Норвегияның жаңа тарихындағы ең қатыгез адам өлтіруші. 2011 жылдың шілдесінде ол Утоя аралында бомба жарып, 77 адамды мерт қылып, 150-ден астамын жаралады. Сол қантөгіс үшін Брейвик 2012 жылы 21 жылға сотталды. Бұл жаза мерзімін қажет болған жағдайда шексіз соза беруге мүмкіндік бар.
42 жастағы қылмыскер алапат шабуылды онлайy-радикалдар мен әсіре экстремисттердің үгіттеуімен жасғанын айтады. Дегенмен Брейвик ақ нәсілділер үстемдігі үшін бейбіт жолмен күресті жалғастыра беретінін де мәлімдеп отыр.
Психиатрлардың сөзінше, Брейвик құрбандар үшін қайғырып, өкініш білдіргенімен, қоғам үшін әлі де қауіпті.
Арыстан Рысбек