Алматылық өнерпаздар Италиядағы ең беделді халықаралық көрмелердің біріне қатысады. «Венеция биенналесі» деп аталатын шарада алғаш рет Қазақстанның өз павильоны ашылмақ. 1895 жылдан бері өткізілетін жобада әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған суретшілер, жазушылар, актерлар мен өнерге жақын жандар өз туындыларын ұсынады .
Ал биыл Қазақстанның павильонын «Орта» арт-тобы таныстырмақ. Олар әйгілі қылқалам шебері, жазушы әрі декоратор - Сергей Калмыковтың шығармашылығы мен өміріне арналған инсталяция дайындап жатыр.
Меруерт Қалиева, Қазақстандық павильонның комиссары:
Көрме сәуірде басталып, 8 айға созылады. Ертең барлық қатысушының тізімі жарияланады. Былтыр шараға 90 ел қатысып, биенналені 550 000-нан астам адам тамашалаған. Тұңғыш рет өз павильонымыздың ашылуы - қазақстандық өнерді жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.