Қызылордада 70 мыңға жуық тұрғын ревакцинациядан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 70 мыңға жуық тұрғын ревакцинациядан өтті

01.02.2022

Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Коронавирус жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеп, өңір «сары аймаққа» өтті. Сыр өңіріндегі ахуалды толығырақ әріптесім Әділбек Серікұлы тікелей эфирде баяндауға әзір.

Әділбек Жақанов, тілші:

Аймақта вирустың таралуы бәсеңдеп, карантиндік талаптар да біршама жеңілдеді. Сауда, ойын-сауық орталықтарына, мәдени-спорттық нысандарға «Ашық» бағдарламасы арқылы тұрғындардың емін-еркін кіруіне рұқсат беріліп, кәсіпкерлік нысандардан уақыттық шектеу алынып тасталды. Бұған халықтың жаппай вакцинадан өтуі де сеп болуда. Жалпы аймақта бүгінде екпе алғандардың саны 400 мыңнан асты, ал 70 мыңға жуығы үшінші дозасын да алып үлгерген. Сондай-ақ, жүкті және емізулі баласы бар әйелдер мен жасөспірімдер «Pfizerдің» 30 мыңдай дозасын салдырған.

120 адам карантиндік оқшаулану тәртібін бұзған

Әділбек Жақанов, тілші:

Иә, ондай деректер де аз емес. Тек бір айдың ішінде ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен 120 адам оқшаулау тәртібін бұзған. Соның 117-сі «қызыл» мәртебесі бола тұра үй карантинін ескермей, түрлі нысандарға барғаны анықталған. Тәртіпке бағынбағандар әкімшілік айыппұл арқалады.


Хабарламаларға жазылу