Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көптің көңілін күпті еткен Қаңтар оқиғасына қатысты барлық сауалдарға нақты әрі дәйекті жауабы табылған диалог болды. Сондай-ақ елдің келешек дамуы мен өсіп өркендеуіне қатысты айқын бағдарлар, жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын саяси реформалардың жүзеге асатыны елдің болашаққа деген сенімін нығайтты дейді тарихшы мамандар.
Гауһар Сыздықова, ОҚМПУ Қазақтан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі:
Әсіресе еліміздегі саяси реформаларға қатты мән беретіні айтылды. Соның ішінде парламент жүйесіне өзгерістер енетінін, «Nur Otan» партиясының жұмысында үлкен өзгерістер болатынын айтты. Бұл сұхбатта Қасым-Жомарт Тоқаевты өте салиқалы, сарабдал саясатшы ретінде таныдық.
Ғани Қалмаханов