Президент қасіретті Қаңтар оқиғасына қатысты сөз қозғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қасіретті Қаңтар оқиғасына қатысты сөз қозғады

03.01.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатында қасіретті Қаңтар оқиғасына қатысты да сөз қозғады. Әсіресе, осы жағдайдан кейін елімізде қолға алынған саяси реформалар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы билік пен бұқараның арасындағы ашық диалог қашан да елді тек табысты жолға бастайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

«Қаңтар оқиғасының себеп-салдарын бұрмалап көрсетудің қажеті жоқ. Турасына көшсем, бұл халық көтерілісі болды деген пікірлер қылмыстық әрекеттерді ақтау үшін айтылуда. Барып тұрған бұзақыларды батырға балап, жұртты арандататын әрі жауапкершіліктен жұрдай сыңаржақ пайымдар қылмыстық психологияның қоғам санасына сіңуіне әкеп соқтырады. Мұндай әңгімелер – ұлттық қауіпсіздікке және халықтың жаймашуақ өміріне қатер төндіретін жаппай тәртіпсіздікке шақырумен пара-пар. Бұл – өте қатерлі үрдіс. Сондықтан осындай жүгенсіздікті сынға алу мәселесіне келгенде мемлекет пен қоғамның ұстанымы ортақ болуы керек. Мен бұған сенімдімін».

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу