Кеше Президент «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында «Менің президент ретіндегі миссиям бүкіл жүйе мен экономикадағы трансформациялардың нәтиже беруіне жеткізу. Саясат пен экономика қатар жүреді. Қазір экономиканы реформалап, саясатты кейінге қалдыруға болмайды» деген. Демек «Алдымен экономика, сосын саясат» деген бұрынғы қағиданың күн тәртібінен түскені.
Саяси өзгеріссіз өзгеріс болмайтынын ахуалды бұрмаламай баяндайтын әлеуметтанушы, оқтын-оқтын комментарий алатын Серік Бейсембаев та айтады.
Шаруалар мен дихандар агротехникалардың утильдік алымын алып тастауды талап етті. Фермерлердің сөзінше, бұл алым техниканың қымбаттауына себеп. Ал ол өз кезегінде өндірілетін өнімнің қымбаттауына әсер етеді. Былтыр шаруалар 30 млрд теңге утиль алымын төлеген.