Ұлыбритания Қазақстанға санкция салмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания Қазақстанға санкция салмайды

05.03.2022

Ұлыбритания Қазақстанға санкция салмайды. Бұл туралы еліміздегі сыртқы істер министрі орынбасарының Еуропа елі өкілдерімен кездесуінде айтылды. Вице-министр Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен онлайн форматта жүздесті. Ал Қазақстандағы елші Кэти Личпен жеке кездесті. Британдық тарап Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция салуға ниетті емес екенін айтты.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу