Елімізде жабылған банктердің шотында қалып қойған қаржы зейнетақы қорына аударылмақ. Депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, соңғы бірнеше жылда «Дельта банк», «Эксимбанк», «Тенгри банк» және «Азия кредит банк» секілді 9 қаржы ұйымы жұмысын тоқтатқан. Клиенттерге ондағы ақшасы толық қайтарылды.
Десе де депозиттегі және карточкалық шоттарындағы қаржысын қажет қылмаған мыңдаған адам бар. Енді мамырдан бастап олардың ақшасы зейнетақы қорына ерікті аударым ретінде аударылмақ.