Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны төлене бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны төлене бастады

28.01.2022

Қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде 1500-ден астам бизнес субъектісі қиратылып, тоналған. Шығын мөлшері 45 млрд теңгеден асады. Келтірілген залалды есептеп, қажетті құжаттарды ұсынған кәсіпкерлерге толық көлемде қаражат аударылады. Қазір шағын және орта бизнес иелеріне бірнеше бағыт бойынша көмек көрсетілуде. Мәселен, 3 айға коммуналдық шығындардан және жарты жылға жалға алу төлемінен босатылады. Сондай-ақ «Almaty Business-2025» қалалық бағдарламасы аясында жеңілдетілген заемдар беріледі.

Александр Ткаченко, кәсіпкер:

Тез арада құжаттарымды дайындап, сайт арқылы өтініш білдірдім. Комиссия мені ертесіне шақырды. Шығынымды шамамен 3 млн 200 мың деп көрсеткенмін. Тура сол ақшаны аударды. Қазір мен тұрған сауда үйіндегі басқа кәсіпкерлерге де өтемақы алуға көмектесіп жатырмын.


Хабарламаларға жазылу