Мақтааралда зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлене бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтааралда зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлене бастады

22.05.2020

Мақтаарал ауданында топан судан тұруға жарамсыз болып қалған баспаналардың иелеріне үй салып алуға 8 жарым миллион теңгеден беріле бастады. Бұл бір үйдің құрылысы үшін үкімет тарапынан берілетін қаржының тең жартысы. Қалған ақша атқарылған жұмастың нәтижесіне қарай кезең- кезеңмен бөлініп беріледі. Осы шартпен келіскен Фердоуси мен Өргебас ауылы тұрғындары мемлекет тарапынан берілетін 17 миллион теңгеге өздерінің қалауына қарай үй салып алады. Қаражатын алғашқы болып алған 29 отбасы қазір судан қирап қалған тұрғын жайларын бұзып, орнын тазалауға кірісті. Оларға ерікті топ мүшелері қолғабыс жасауда. Өтемақы құжаттарын толық рәсімдеп біткен тұрғындарға дереу берілуде. Ал апаттан зардап шеккен қалған үш ауылдың тұрғындары аудан орталығындағы жаңадан салынып жатқан баспаналарға қоныс аударады. Жаңа мөлтекауданда 400-ге тарта үйдің құрылысы басталған.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу