Қарағанды облысында мобильді бригада саны ұлғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында мобильді бригада саны ұлғайды

26.01.2022

Қарағанды облысында ковидке шалдыққандардың көбеюіне байланысты мобильді топ саны да едәуір ұлғайды. Күн сайын науқастарға 184 бригада шығады, оның 37-сі - ауылды жерлерде. Тағы 145 бригада резервте тұр. Қазір кенді өңір індет жұқтырғандардың саны бойынша үшінші орында. Тек өткен тәулікте 2 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Сондықтан бір мобильді топқа күніне 30 шақыртуға дейін түседі. Олар науқасты мұқият тексеріп, ПТР тест алып, қажет болған жағдайда компьютерлік томографиядан өткізеді. Дәрі-дәрмек жеткізіп, екпе жасайды.

Балжан Мұса, Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі:

Қарағанды қаласының №1 поликлиникасында 13 мобильді бригада өте қарқынды жұмыс істеп жатыр. Осындай эпидемиологиялық жағдайға байланысты бізде бір күнде мыңға жуық шақыртулар келеді. Қазір 13 мобильді бригада бір күнде 350-400 шақыртуға дейін барады.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу