Әбден тозығы жеткен нысанды қалпына келтіру жұмыстарының басталғанына 1 айға жуық уақыт өтті.
Құрылысшылардың айтуынша, жұмыс барысында темір және бетон арқалықтар үгіліп, тоттанып, тіпті шірігені байқалған.
Салынғанына жарты ғасырдан асқан көпірдің күйі шынымен де сын көтермейді. Наурыздың 1-інен басталған өткелді қайта жөндеу жұмыстары әзірге 30 пайызға орындалған.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ