Президент «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады

26.01.2022

Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлады. Айтуынша, жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді. Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде.


Хабарламаларға жазылу