НАТО Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Шығыс Еуропаға қосымша күштерін жібере бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Шығыс Еуропаға қосымша күштерін жібере бастады

25.01.2022

Солтүстік атлантикалық альянсқа мүше бірнеше мемлекет аймаққа соғыс кемелері мен жойғыш ұшақтарын аттандырмақ. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс өз одақтастарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз етенін мәлімдеді.  

АҚШ 8500 жауынгерін Шығыс Еуропаға аттандырмақ  

Елдің қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, сарбаздар НАТО-ның жедел әрекет ету күштеріне көмектесуге сақадай сай дайын.

Батыс елдері мен АҚШ-тың пікірінше, Ресей Украинаға кез келген уақытта басып кіруі мүмкін. Олар Мәскеудің Украинамен арадағы шекараға 100 000-дай жауынгер мен әскери техника шоғырландырғаны үшін алаңдаулы. Кремль болса, АҚШ пен оның одақтастарын Шығыс пен Батыс арасындағы шиеленісті күшейтті деп айыптады. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу