НАТО елдері Ауғанстанға қосымша әскер жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО елдері Ауғанстанға қосымша әскер жібереді

29.06.2017

НАТО-ға мүше 15 мемлекет Ауғанстанға қосымша әскер жібереді. Бұл туралы Солтүстікатлантикалық альянстың қорғаныс министрлері кездесуінде айтылды. Әскери одақтың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, НАТО жауынгерлері соғыс қимылдарына қатыспайды. Олар тек Ауғанстанның ұлттық күштерін шыңдаумен айналысады. Кейбір мәліметтерге сай, АҚШ 5 мыңдай, әскери альянстың өзге де мүшелері 1000-нан астам сарбаз аттандырмақ.

НАТО Ауғанстаннан әскерін 2014 жылы шығарды.  Бүгінде мұнда альянстың «Батыл қолдау» миссиясы аясында 13,5 мың жауынгер ауған күштерін жаттықтырумен айналысып жүр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу