Шымкентте үш баланың өліміне себепші болған дезинфектор сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте үш баланың өліміне себепші болған дезинфектор сотталды

01.10.2020

Көпқабатты пәтерде химиялық залалсыздандыру жұмысын жұргізіп, салдарынан үш баланың өліміне себепкер болған дезинфекция мекемесінің қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның біліксіздігінен былтыр екі бірдей отбасы қара жамылған. Сот барысында айыпталушының үйлерге дезинфекция жасауға рұқсаты болмағанын дәлелденді. Ең сорақысы, оның санитарлық салаға қатысты ешқандай білімі болмай шықты. 

Естеріңізге сала кетсек, былтыр қараша айында Шымкент қаласында бір отбасы белгісіз заттан уланып, екі баласы ажал құшқан. Оның үлкені 4-те, екіншісі жасқа енді толған сәби болатын. Тағы бір қайғылы жағдай ақпан айында болды. Тарақанды улау жұмысы кезінде көрші пәтердегі сегіз айлық нәресте көз жұмған. Тағы бес адам ауруханаға түскен.

Ғани Қалмахан

дезинфекция улану оқиғалары Шымкент

Хабарламаларға жазылу