АҚШ пен Ұлыбритания Киевтен дипломаттарын шығара бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Ұлыбритания Киевтен дипломаттарын шығара бастады

24.01.2022

АҚШ пен Ұлыбритания Киевтегі өз азаматтарын эвакуациялауды бастады. «Рейтердің» мәліметінше, Вашингтон Киевтегі дипломаттарының отбасы мүшелерін елге қайтаруға кіріскен. Бұған қоса, Құрама Штаттар билігі америкалықтарға Украина мен Ресейге саяхаттамау туралы кеңес берді. Ал Ұлыбритания болса, Киевтегі елшілік қызметкерлерінің тең жартысын елге қайтармақ.

Вашингтон мен Лондон Ресей Украинаға кез келген уақытта басып кіруі мүмкін деп қауіптенеді. Өткен аптада Кремль мен батыс елдері арасында Украинаға қатысты келіссөздер сәтсіз аяқталды. Бұған қоса, Ресей Украинамен арадағы шекарада 100 000-дай жауынгер, әскери техника шоғырландырған.

Алайда Ресей Украинаға шабуыл жасауды жоспарлап отырмағанын бірнеше қайтара мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу