Қытайдағы Олимпиадаға барған 72 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы Олимпиадаға барған 72 адамнан коронавирус анықталды

24.01.2022

Қытайда Олимпиадаға барған шетелдіктердің 72-сінен коронавирус табылды. Қаңтардың 4-і мен 24-і аралығында олардың ПТР тесті «оң» нәтиже көрсеткен. Вирус табылғандардың барлығы – спорттық командалардың өкілі. Ал Олимпиадаға қатысатын спортшылардың бірде-бірінен ковид табылған жоқ.

Бейжің Олимпиадасы ақпанның 4-і мен 20-сы аралығында өтеді. Осыған орай ел билігі коронавирустың таралуын тоқтату үшін ең батыл және қатаң шараларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.  

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу