Бүгін, Астана жұртшылығы оңтүстік өңірдің қадым заманғы тарихымен танысты. Елордаға Жамбыл драма театры келді. Өнер ұжымы Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» атты тарихи қойылымын сахналады.
Бұл қойылым қазақтың өзегін құраған ірі-ірі тайпалардың пайда болу, бірігу, тұтас ұлт болу кезеңін суреттейді. Пьеса - қазақтың қайдан келгені, қайда барарын бағамдауға титімдей болсын үлес қосуға жарайтын туынды, дейді жамбылдық өнерпаздар.