Николай Бордюжа: Сын сағатта батыл шешім қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Николай Бордюжа: Сын сағатта батыл шешім қабылданды

20.01.2022

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл шешімінің арқасында қаскөйлерге дер кезінде тойтарыс берілді. Әйтпегенде, адам шығыны әлдеқайда көп болуы мүмкін еді. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымының бұрынғы бас хатшысы, генерал-полковник Николай Бордюжа мәлімдеді.  

Николай Бордюжа, ҰҚШҰ бұрынғы бас хатшысы, генерал-полковник:

Бір күннің ішінде шешім қабылдап, президент халыққа жанашырлығын көрсетті. ҰҚШҰ бітімгерлері де өздеріне жүктелген міндетті абыроймен орындап шықты деп ойлаймын. Өйткені ҰҚШҰ әскерлері жыл сайын осындай жаттығу өткізіп тұратын, сондықтан дайындығы жоғары болды. Бауырлас Қазақстанда қалпына келтіру жұмыстары тезірек аяқталып, мемлекет қайтадан дамудың даңғыл жолына түсеріне сенімдімін.


Хабарламаларға жазылу