Кәсіпкерлердің шотын бұғаттан шығару мерзімі қысқартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлердің шотын бұғаттан шығару мерзімі қысқартылды

20.01.2022

Cалық бойынша берешегі бар кәсіпкерлердің шотын бұғаттан шығару жеңілдей түсті. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұрын бұл қызмет үш күнге дейін созылатын. Өйткені қарызы бар бизнесмендердің шотын бұғаттап немесе одан шығару үшін салық органының нұсқауы қажет еді.

Енді мұндай бюрократия жойылып, процесс жеңілдеді. Яғни кәсіпкер салық төлеген бойда банктер салықшылардың араласуынсыз, шотты өздері бұғаттан шығара алады. 


Хабарламаларға жазылу