Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға қару таратқан күдіктілер ұсталды. Олардың сөзінше, белгісіз адамдар қорқытып, аңшылық дүкеннен ұрланған қаруды алаңға апаруға мәжбүрлеген. 19-20 жас аралығындағы жас жігіттер жедел іс-шаралар барысында қаладағы базарлардың бірінен ұсталған.
Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті:
5-і күні қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, алаңға апарғанымыз үшін ұсталдық. Бізді осылай жасауға мәжбүр еткен бір топ адам болды. Сосын біз ұрлаған қару-жарақтың жартысын өздеріне алып алды, автоматтарымен салғызды.
Күдікті:
Противогаз киген, автомат, пышақпен қаруланған адамдар болды. Олар бізге қаруды тез алып, оны алып барып беруді бұйырды. Біз оны қорыққаннан істедік, себебі қысым жасады.
Жазира Оразқызы