Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күннен күнге күрделеніп барады. Тәулігіне 150-ге жуық адам індет жұқтыруда. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 100-ден аса бала бар. Сондықтан облыста ревакцинация қарқын алды. Бүгін Түркістан қаласындағы медицина қызметкерлері мен санитар-эпидемиологтар үшінші мәрте екпе салдырды.
Ал, өңірде соңғы 3 айда 66 000 адам ревакцинация жасатқан.
Әбдішүкір Егізбаев, Қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері:
Бүкіл әлемді алып жатқан эпидемияның кезінде ревакцинация істеу – міндетті түрде керек нәрсе. Бұл – организмді күшейту үшін, иммунитетті күшейту үшін, мынау келіп жатқан ковид инфекциясын жеңіп шығуымыз үшін өте керек нәрсе. Біздің коллективтің жартысынан көбі ревакцинация алып қойды.
Айнұр Ақбаева