Аустралияда коронавирустан тәуліктік өлім көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аустралияда коронавирустан тәуліктік өлім көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

18.01.2022

Аустралияда бүгін коронавирустан өлім-жітім көрсеткішінің рекордтық деңгейі тіркелді. Соңғы 24 сағатта індеттен 77 адам қайтыс болған. Ауруханада, жансақтау бөлімдерінде ковидке шалдыққан науқастар саны күрт артты. Жағдайды елде «омикрон» штамының жылдам таралуы ушықтырып отыр. Денсаулық сақтау өкілдерінің мәліметінше, індеттен жан тәсілім еткендер арасында 4 марқұм ғана үшінші екпе салдырған екен.

Билік тұрғындарға қосымша вакцина салу науқанын жылдамдатуды қолға алды.   

Әбу-Дабиге тек үшінші екпе алғандар кіре алады

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасына кіру ережесі қатаңдатылды. Әбу-Дабиге бүгіннен бастап ковидке қарсы вакцинаның үшінші дозасын алғандар ғана кіре алады. Ереже екпенің екінші дозасын салдырғанға жарты жыл өтпегендерге тарамайды. Бұған күллі ел аумағында аса жұқпалы «омикрон» штамының таралауы себеп.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу