Шымкентте «Елбасының сыныптастары» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Шаһарда жарық көрген еңбектің авторлары - Нұрсұлтан Әбішұлының сыныптастары Роза Төлемісова мен Рая Сиразитдинова.
Мемлекет басшысының өмір жолы мен кемеңгерлігінен сыр шертетін тың дүние 158 беттен тұрады. Кітапта балалық шақты сонау соғыс жылдарында өткізіп, қиыншылықты да, қызықшылықты да бірге өткізген сыныптастар өмірінен сыр шертеді.
Авторлар бала Нұрсұлтанның сол кездері-ақ өз қатарластарынан ерекшеленіп, замандастарынан озық жүретінін баяндайды. Сыныпта оқу озаты болған ол достарына қамқор болып, жанашырлық танытып жүреді екен. Тың дүние әзірге 3000 данамен жарық көріпті.
Роза Төлемісова, ҚР Президентінің сыныптасы:
Сол балалық шағымыздан бір-бірімізге деген достығымыз, балалық шақты бірге өткізген сәттеріміз өмір бойы естен кетпейді. Бұл кітапты халық жақсы қабылдады.
Айнұр АҚБАЕВА