Форт-Шевченко қаласының әкімі 15 тәулікке қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Форт-Шевченко қаласының әкімі 15 тәулікке қамалды

18.01.2022

Маңғыстауда Форт-Шевченко қаласының әкімі мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, ол бұдан былай 7 жылға дейін көлік жүргізу құқынан айрылды. 

Қала әкімі 4 қаңтар күні «Ақтау – Форт-Шевченко» тас жолында мемлекеттік нөмірі бар автокөлікпен кетіп бара жатқан жерінен тоқтатылған. Медициналық тексерудің қорытындысы әкімнен алкогольдік масаюдың бар екенін анықтады. Ол сот шешімімен кінәлі деп танылып, жаза тағайындалды.

Аягөз Оралбайқызы 


Хабарламаларға жазылу