Жетім балаларға баспана берілді

07.01.2014
Жетім балаларға баспана берілді

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында жетімдерге баспана берілді. Ата-ана қамқорынсыз қалған жандар мемлекеттің аялы алақанын сезіп, қуанышқа кенеліп жатыр. Игілікті іс «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

 
Манас бала жастан әке-шешеден бірдей айрылған тұл жетім. 14 жасқа дейін балалар үйінде тәрбиеленген ол кейін Форт-Шевченкодағы туыстарын сағалады.  Отбасын құрып, әке атанды. Бір қозы туса, бір тал жусан артық шығады деген осы болар. Енді бозбаланы қамықтырған шақтар артта қалды.
 
Манас Қаражанов, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны:
Баспана беріп, көмектесіп жатқанына рахмет.
 
Ләззат Жалғасбаева, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны:
Өте ризамын. Баспанамен қамтып жатқанына рахмет. Жылы, барлық жағдай жасалған.
 
Бұл күні Манас сияқты тағы 15 адам баспаналы болды. Жас отбасыларға қамқорлық «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шарапатымен іске асты. Қазір аудан бойынша 39 жетім бала тіркелген.
 
Темірбек Асауов, Түпқараған ауданының әкімі:
Олардың кәмелетке толған, үй алуға тиісті балалардың барлығы түгел қамтылды. Қалғаны кәмелетке толған соң бұл бағдарлама одан әрі жалғасады.
 
Жаңа жылда жаңа үйге қол жеткізгендердің алды қоныс тойын тойлауды бастап кетті.
 
 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу