Маңғыстау облысындағы мекемелерде қызметкерлердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысындағы мекемелерде қызметкерлердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті

17.01.2022

Маңғыстау облысында тұрғын үйлерде банкет, үйлену тойын, мерейтой өткізуге тыйым салынды. Тек еске алуды 30 адамнан асырмай «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде ғана ұйымдастыруға рақсат берілді. Аймақта эпидемиологиялық ахуал нашар. Соған байланысты осындай шектеулер енгізілді.

Одан бөлек, мекемелерде қызметкерлердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті. 600-ден астам оқушысы бар мектептер бүгіннен бастап онлайн оқуда. Бірақ 1-2-сыныптар дәстүрлі, 3-5- сыныптарда кезекші сыныптар ұйымдастырылуда. Өңірде ұжымдық іс-шаралар, конференция, семинар, көрме, форумдар өткізуге тыйым салынды.  

Шығыс Қазақстан облысында ұжымдық іс-шараларға тыйым салынды

Ал, Шығыс Қазақстан облысында концерт залдары, театр, цирк, филармония қызметіне тыйым салынды. Діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілмейді. Барлық мектептерде вакцинаның толық курсын алған 9, 11-сыныптар ғана мектепте оқиды. Қалған оқушылар онлайн форматқа көшірілді.

  Аягөз Оралбайқызы 


Хабарламаларға жазылу