Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаменті бастығы қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаменті бастығы қызметінен босатылды

17.01.2022

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды. Ол бұл қызметке 2019 жылы тағайындалған еді. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған. Қаңтардағы төтенше жағдайлар кезінде аймақ коменданты болды.

Қазір Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқару полковник Жасқайрат Қайыровқа жүктелді. 

Болат Аманбаев       


Хабарламаларға жазылу