«Омикрон»: Әлемдегі эпидахуал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Омикрон»: Әлемдегі эпидахуал

17.01.2022

«Омикрон» жер-жаһанға аса үлкен жылдамдықпен тарап жатыр. «Рейтердің» мәліметінше, ковид Францияда 5 күн қатарынан тәулігіне 300 мың адамнан анықталған.  

«Омикроннан» алғаш рет өлім тіркелді

Ал Иранда «омикроннан» алғаш рет өлім тіркелді. Аталған штамнан елдің Тебриз, Язд және Шахр-Корд қалаларында үш адам қайтыс болған.

Израильде ковид жұқтыру оқиғалары көбейді. Елде індеттің бесінші толқыны жүріп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін Израильде «омикронның» жаңа штамы тарағанын, оны 20 адам жұқтырғанын мәлімдеген еді. Айта кетсек, «омикронның» мутациясы бірнеше елде анықталған. Ғалымдар ол қауіпті ме, әлде, жоқ па деген сұрақтың жауабын іздеп жатыр.

Непалда да эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Осыған орай елде карантин күшейтілді. Қаңтардың 29-на дейін ойын-сауық, демалыс орындары жабылып, адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу