Шетелдіктер еліміздегі жағдайға пікір білдіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдіктер еліміздегі жағдайға пікір білдіріп жатыр

14.01.2022

Қазақстанда тұрақталып келе жатқан жағдайға шетелдіктер пікір-лебіздерін білдіріп жатыр. Солардың бірі - Австрия Экономика палатасының вице-президенті, Австрия-Қазақстан қоғамының тең президенті - доктор Ричард Шенц.

«Мен Қазақстанға жұмыс бабымен жиі бардым және белгілі бір дәрежеде оны жақсы білемін. Осыған байланысты мен Қазақстанның басым бөлігінде орын алған зорлық-зомбылық оқиғаларын қатты таңданыспен және алаңдаушылықпен бақылап отырдым.
Президенттің парламентте жасаған ұсыныстары Қазақстанның қайтадан бейбіт дамып, Орталық Азиядағы тұрақтандырушы факторға айналатынына сенемін», - Шенц мырза.

Ал, Еуропарламент депутаты Люсия Вуолоның мәлімдеуінше, «Елдің көптеген аймақтарында бір мезгілде әуежайларды басып алу, ауруханаларға баратын жолдарды жабу, полиция машиналарын өртеп жіберу және т.б. агрессиялық әрекеттердің орын алуы - жақсы үйлестірілген және дайындалған топтардың шабуылын аңғартса керек.

Қазақстан сияқты ірі де маңызды елдің өз демократиясы мен Конституциясын экстремистер мен радикалдардан қорғауы бүкіл әлем үшін өте маңызды».


Хабарламаларға жазылу