«Бала би». Осындай атаумен Астанада алғаш рет байқау ұйымдастырылды. Оған қаланың 16 білім ошағынан оқушылар қатысып, бақ сынасты. Екі күнге созылған сайыс 4 кезеңнен тұрды.
Олар «Қоржын», «Ұлылар сөзі», «Жыраулар жырлайды» және «Таразы». Мақсат - оқушылардың бойына халық даналығы мен салт-дәстүрімізді, сондай-ақ, шешендік өнерді сіңіру.
Ал, жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы жас өнерпаздардың суырыпсалма ақындығы мен тапқырлығына ерекше көңіл бөлді.
Шұғыла Құдайбергенова, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы:
Өскелең ұрпақ бойында бұрынғы ата дәстүрімізді, салтымызды қайта жаңғырту мақсатында өткізіп отырмыз.
Аяулым Қуанышова, байқауға қатысушы:
Ақтық сынға жолдама алдым. Жеңемін деген үміттемін.
Айдана ҮСЕНБАЙ