Үндістанда миллиондаған адам өзен жағасына жиналып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда миллиондаған адам өзен жағасына жиналып жатыр

14.01.2022

Үндістанда миллиондаған адам өзен жағасына жиналып жатыр 

Үндістанда өткен айда коронавирус жұқтыру оқиғалары 30 есеге көбейген. Соған қарамастан, бүгін миллиондаған адам діни мерекеде шомылу үшін Ганга өзенінің жағасына жиналып жатыр. 

Айта кетсек, былтыр дәл осындай діни фестиваль кезінде Үндістанда ковид өршіп, оған шалдыққандар саны рекордтық деңгейге көтерілген еді. Сондай жағдай тағы да қайталанайын деп отыр. 

Қазір мұнда да «омикрон» штамы өршіп барады. Дегенмен ауруханаға түскендер аз. Тұрғындардың көбі үйлерінде емделіп жатыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы 24 сағатта Үндістанда 264 мыңнан астам адам ковид жұқтырып, 315-і қаза тапқан.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу