Оңтүстік Кореяда базалық мөлшерлеме өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда базалық мөлшерлеме өсті

14.01.2022

Оңтүстік Кореяның Орталық банкі бүгін базалық мөлшерлемені өсірді.  

Шара елдің қалпына келе бастаған экономикасындағы инфляция қаупін төмендетуге бағытталған. Базалық мөлшерлеме 1,50 %, яғни пандемияға дейінгі деңгейге көтерілді. Корея банкінің жетекшілері бағалардың өсуі жалғаса берсе, қатаңдату саясатын жалғастырып, пайыздық мөлшерлеме тағы жоғарылауы мүмкін екенін ескертті.

«Рейтердің» дерегінше, елде жылжымайтын мүлік құны қымбаттап, тұтынушылардың қарызы көбейген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу