Алматыда кәсіпкер ауруханаға жедел жәрдем көлігін сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кәсіпкер ауруханаға жедел жәрдем көлігін сыйлады

14.01.2022

Алматыда кәсіпкер Орталық қалалық клиникалық аурханаға жедел жәрдем көлігін сыйға тартты. Оның сөзінше, осындай қиын сәтте қолында бармен бөлісу – әр адамның азаматтық борышы.  

Әділ Жұманов, кәсіпкер:

Ауыртпашылық бәрімізге ортақ. Басқа өңірде тұрсам да, Алматы – бәріміздің сүйікті қаламыз, еліміздің рухани ошағы.

Ол сыйға тартқан су жаңа жедел жәрдем көлігі қажет медициналық құралдармен толық жабдықталған.

«Бұл емдеу мекемесіне күніне 250-300 адам медициналық көмекке жүгінсе, олардың 50 шақтысы ем қабылдауға жатады. Мұндай арнайы көліктер амбулаторлық гемодиализ қабылдайтын науқастарды тасымалдауға өте ыңғайлы», - дейді дәрігерлер.

Еске салсақ, Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 30-дан аса жедел жәрдем көлігіне зақым келіп, төртеуі жарамай қалды.

Әділ Жұбанов, кәсіпкер:

Мен – 25 жылдан бері кәсіпкермін. Аз болсын, көп болсын тапқан табыстарымызды осы елде жүріп таптық. Осындай еліміздегі қиын-қыстау заманда мен ойлаймын әр азаматтың азаматтық борышы. Қолынан келгенше көмек ету.


Хабарламаларға жазылу