Алматы қаласында өртенген 140 автокөлік айып тұрағына қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласында өртенген 140 автокөлік айып тұрағына қойылды

14.01.2022

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 140 автокөлік өртеніп, күл-талқаны шыққан. Олар қазір арнайы айып тұрағына қойылды. Бұл сан әлі де өсуі мүмкін. Өйткені Алматы қалалық құтқару қызметінің мамандары көшелерді аралап, оқ тиген, өртенген және ұрланған машиналарды тұраққа әкеліп жатыр. Темір тұлпарын іздеп келушілер көп. Бірақ тергеп, тексеру жұмыстары жүріп жатқандықтан, олар әзірге иелеріне қайтарылмайды.

Бейсеғали Жүнісов, қалалық құтқару қызметінің бастығы:

Олардың ішінде жекеменшік, мемлекеттік көліктер де бар. Оның 47-сі өртенген, 48-іне оқ атылған машиналар. Сосын тоналған көліктер бар. Өздеріңіз көріп тұрсыздар,  бұл көліктер жарамайды. Өйткені түгі қалмаған. Қозғалтқышы еріп, саймандары шашылып жатыр.

Хабарламаларға жазылу