Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде жедел жәрдемнің 31 көлігіне шабуыл жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде жедел жәрдемнің 31 көлігіне шабуыл жасалған

13.01.2022

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 31 жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасалып, соның салдарынан 5 қызметкер жарақат алған. Соған қарамастан олар жұмысын жалғастырды. Өйткені, шақырту әдеттегіден көп болған. Жалпы, сол уақытта жедел-жәрдем қызметі қалай жұмыс істеді, оған жүгінгендер қаншалықты көп болды? Тілшіміз Амангелді Сейтханнан білейік...

Аманкелді Сейтхан, тілші: 
Сіз көріп отырған бұл видеодағы жедел жәрдем көлігі міне бірнеше күннен бері қаңтарылып тұр. Бұзақылар шабуал жасаған кезде алдыңға әйнегін шағып, одан бөлек екі шамын сындырған. Және жан-жағынан таспен атқылаған. Көлік қазір мүлде жарамсыз күйде.

Көлікте балтамен ұрған іздер де қалған. Жалпы, 31 көлікке шабуыл жасалса, соның 4-і істен шыққан. Ал, 5 адам жарақат алған. Солардың бірі – Рамиль Гинахунов. Ол 4-ші қаңтар күні кезекшілікке түсіп, түнгі бірде шақыртумен орталық алаңға жеткен. 5-6 адамды тиеп, шыға бергенде кедергіге тап болған.

Бұзақылар көлікке ғана тиіспеген, тіпті, 4-ші жедел-жәрдем станциясын басып алмақ болған. Бірақ, оның видеоларын бізге станция өкілдері бермеді. Бірақ, айтуларынша, сол жерді иемденген террорлар жарақат алған жақтастарын емдегісі келген болуы керек,-дейді. Сондай-ақ, шабуылшылар құқық қорғау қызметкерлеріне көмек көрсетпеңдер дегенді көп айтыпты.

Серғазы Абылаев, жедел жәрдем фельдшері: 
Полицеяларды машинаға салып жатқанын көріп, оларға көмек көрсетпе деген мақсатпен олар бізге шабуыл істеді.

Интернет болмағандықтан сол кезде бригадалар рациямен жұмыс істеген. Бұзақылар оларды да ұрлап кеткен.

Рамиль Гинахунов, жедел жәрдем фельдшері: 
Рация, планшеттер болған, соларды алып алған ғой. Естіп тұрғанда біз қай жерге кетіп жатырмыз, қайда бара жатырмыз, маршруттың бәрін естіп сол маршрутпен жүрген. 

Бұл күндері жедел-жәрдем көлігі ауруханаларға шамамен 400-500 жарақат алған адамды жеткізіпті. Ал, күніне жан-жақтан 2500-дей шақырту түскен. Бұл әдеттегіден көп дейді мамандар.

 Аманкелді Сейтхан, тілші: 
Қазір қаладағы жедел жәрдем көлігі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Осы уақытта 197 бригада жол үстінде. Ал, бұзақылар шабуылдаған көліктер қалпына келтіріліп жатыр, Мысалы мына жедел-жәрдем көлігінің жанындағы терезесі сынған. Оны уақытша скочтап қойған.


Хабарламаларға жазылу