Елордада ТЖ кезінде 50 мың автокөлік тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ТЖ кезінде 50 мың автокөлік тексерілді

13.01.2022

Елордада блокбекеттер қойылған сәттен бастап тыйым салынған заттарды анықтау үшін шамамен 50 мың автокөлік тексерілді. Нәтижесінде қала бойынша және блокбекеттерде 2 тегіс ұңғылы қару-жарақ, оқу-жаттығу гранаталары, оқ-дәрілер, 11 бита, аэрозольдік тапанша, қол-кісендер тәркіленді. Есірткі құралдарын заңсыз сақтау бойынша 2 фактінің жолы кесілді. Сондай-ақ, автокөліктерді тексеру кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 2 жолаушы анықталды. Төтенше жағдай режимін бұзған 318 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 30-ы қамауға алынып, 137-іне айыппұл салынды. Қаланың комендатурасы коменданттық сағат режимін сақтап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбау қажеттілігін ескертеді.

Хабарламаларға жазылу