Қызылордада бүлік кезінде әскери «камазбен» ойран салған бұзақы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада бүлік кезінде әскери «камазбен» ойран салған бұзақы ұсталды

13.01.2022

Қызылордада дүрбелең кезінде әскерилердің «Камазын» тізгіндеп, қалада ойран салған бұзақы ұсталды. Күдіктіге қатысты бірнеше баппен қылмыстық іс-қозғалып, тергеу изоляторына қамалды. Қылмысқа барған қала тұрғыны жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери техникамен облыс әкімдігі және жергілікті полиция басқармасының қоршауын бұзып-жарып, басқаларға жол ашып берген. Онымен қоймай, қаладағы жылдамдық өлшейтін құрылғылар орнатылған бағаналарды шетінен қиратқан. Шаһарда ойран салған күдіктінің түр-келбетін полицейлер, бейнебақылау камералары арқылы анықтаған.  

Хабарламаларға жазылу