ДДСҰ: «Омикрон» әсіресе вакцина алмағандар үшін қауіпті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: «Омикрон» әсіресе вакцина алмағандар үшін қауіпті

13.01.2022

Коронавирустың аса жылдам тарайтын «Омикрон» штамы «Дельтаға» қарағанда жеңіл өтеді. Дегенмен, ол, әсіресе, вакцина алмағандар үшін қауіпті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Халықаралық орган басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың мәлімдеуінше, әлем елдерінің 90 пайызы халықтың 40 пайызын ковидке қарсы егу жоспарын орындаған жоқ. Африкалықтардың 85 пайызы әлі вакцинаның бірінші дозасын алмаған. Ал әлем бойынша ауруханада жатқан науқастардың көбі ковидке шалдыққан. Індеттің тарауы азаймаса, «Омикроннан» да қауіпті вирус түрі пайда болуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу