Қытайда үшінші қала карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда үшінші қала карантинге жабылды

12.01.2022

Қытайда үшінші қала карантинге жабылып, үйге қамалғандардың жалпы саны 20 миллионға жақындап қалды. Осы жолы Аньян шаһары 5 жарым миллион тұрғынымен локдаунға алынып отыр. Ал, осыдан үш апта бұрын Сиан және қаңтардың басында Ючжоу қалаларында карантин жарияланып, 14 миллиондай халықтың сыртқы шығуына тыйым салынды.

Шектеулердің қайта күшейтілуіне коронавирус жұқтыру оқиғаларының тағы да көбейе түсуі себепші. Ал, елдің солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласында скринингтер кезінде омикрон штамы 97 адамнан анықталғаннан кейін, 14 миллион тұрғынға түгелдей ковидке қарсы тестілеуден екінші рет өту туралы бұйрық берілді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу