Қытайда бірнеше қала коронавирустың өршуіне байланысты карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда бірнеше қала коронавирустың өршуіне байланысты карантинге жабылды

10.10.2022

Қытайдың бірнеше қаласында коронавирус жұқтыру оқиғасының көбеюіне байланысты шектеу шаралары қайта енгізілді. Инфекция Қытай Халық Республикасының құрылу күніне орай өткен мерекеден кейін күрт өршіген. Фыньян қаласында вирус бір адамнан табылып, локдаун жарияланды. Ал Ішкі Моңғолия автономдық ауданындағы Хух-Хото қаласына ертеңнен бастап сырттан көліктердің кіруіне тыйым салынады. Мұнда соңғы 12 күнде 2 мыңнан астам тұрғын ковидке шалдыққан. Шанхай қаласының екі ауданында бүгіннен бастап кинотеатрлар мен басқа да көңіл көтеру орындары жабық тұр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу