Коронавируспен ауырғандар саны бір тәулікте екі есеге артты. Кеше 4810 адам вирус жұқтырған. Алдыңғы күнгі көрсеткіш 2216 болатын. Осылайша елде науқастанғандар саны 1 млннан асты. Ауру әсіресе елордада өршіп тұр. Вирус жұқтырғандың 3312-сі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Қала «қызыл» аймақ тізімінде. Қауіпті өңірлер қатарына Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау облысы қосылды.